Ұлан-Батыр-Алматы рейсі тұрақты жүруі мүмкін

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Hunnu Air авиакомпаниясының директоры Мунхжаргал Пурэвжалмен кездесуде тікелей рейсті ашу перспективаларын талқылады.

Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейс Моңғолиядан келген студенттер мен бизнесмендерге қажет. Сондай-ақ біздің әуежай Моңғолиядан Үндістанға және басқа елдерге ұшу үшін транзит ретінде тартымды.

Кездесу қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев моңғолдық әуе компаниясының мүддесі мен дайындығын қолдауға ниет білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы