Момышұлы даңғылында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылынан бастап Қ.Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскеде Б.Момышұлы даңғылында жолдың үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Көрсетілген учаске осы жылдың 3-5 тамыз аралығында толығымен жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы