Молдованың экс-президенті 30 күнге үйқамаққа алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Игорь Додонға отанын сату, сыбайлас жемқорлық, саяси партияның қылмыстық ұйым тарапынан қаржыландырылуы әрі заңсыз баю бойынша күдік келтірілді.

ТАСС-тың хабарлауынша, Кишинев қаласының Шоқан секторының соты прокуратураның өтінішін ішінара қанағаттандырды.

Сот прокурорлардың өтінішін ішінара қанағаттандыру, Додон Игорь Николаевичке қатысты 30 күн бойы үйқамақта ұстау түріндегі алдын-алу шараларын қолдану жөнінде шешім қабылдады, - делінген сот шешімінде.

Прокурор Петр Ярмолюк айыптаушы тарап сот шешіміне шағымдануды жоспарлап отырғанын айтты.

Біз тергеуге ықпал ету мүмкіндігінен айыру мақсатында оны 30 күнге қамауға алуды талап еттік. Сот прокуратураның өтінішін ішінара қанағаттандырды, біз бұл шешімге шағымдануға ниеттіміз, – деді Ярмолюк.

Молдова заңдарына сәйкес, сот шешіміне Кишиневтің апелляциялық палатасында үш күн ішінде қарсы шағым түсіруге болады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы