Молдовада Қазақстанмен мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Қазақстан елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Мәдениет министрі Сергей Проданмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әңгіме барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде мәдениет пен туризм саласындағы өзара қарым-қатынастарды талқылады.

Қазақстандық дипломат елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен демократиялық өзгерістер туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің қорытындылары, Рим Папасы Францисктің Қазақстанға сапары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде Молдованың Мәдениет министрі өзі басқаратын ведомствода жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. С.Продан Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалады.

Тараптар Қазақстан мен Молдова арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту игілігі үшін диалогты жалғастыруға келісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы