Молдова Үкіметі Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарымен танысты
Қазақстанның Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Премьер-Министрінің орынбасары – Экономикалық даму және цифрландыру министрі Думитру Алайбамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сұхбат барысында қазақстандық дипломат Қазақстанда іске асырылып жатқан конституциялық, саяси және экономикалық реформалар жөнінде айтып берді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қойған Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарының негізгі міндеттеріне айырықша назар аударылды.
Осы тұрғыда сұхбаттастар қазақстан-молдовалық сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсендіру қажеттігін айта келе, осы салада бірқатар нақты жобаларды талқылады. Атап айтқанда, кездесуге қатысқан EuroGlass Industrie қазақстандық компаниясының өкілдері Молдовада шыны өнеркәсібі саласында инвестициялық жобаны іске асыруға қызығушылық білдірді.
Сұхбат соңында тараптар өзара мүдделілік танытатын мәселелер бойынша тұрақты байланыста болуға уағдаласты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астаналық шабандоз Гиннестің рекордтар кітабына енді
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы