Молдова Парламенті мемлекеттік тілді өзгерту туралы заң жобасын мақұлдады

Молдова Парламенті бірінші оқылымда барлық заңдарда, соның ішінде Конституцияда «Молдова тілі» тіркесін «румын тілі» деп ауыстыруды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы BAQ.KZ euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат авторларының айтуынша, олар тек заң актілерін Конституциялық соттың соңғы онжылдықтарда қабылдаған шешімдеріне сәйкес келтіріп жатыр.

Оппозициялық партия өкілдері бұл шешімге қарсы болып, Парламент мінберіне шығатын жолды бөгеуге тырысты.

Әзірге ел Конституциясында мемлекеттік тіл «латын графикасы негізінде жұмыс істейтін молдова тілі»деп көрсетілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы