Мөлдір Жаңбырбай Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каратеден Қазақстан құрамасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбаева ел қоржынына кезекті жолдаманы салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол Парижде өтіп жатқан лицензиялық додада күміс жүлдегер атанды. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әлемдік іріктеу жарысында жолдамаға ие болды.

Айта кетерлігі, бұл каратеден Қазақстан қоржынындағы екінші лицензия. Бұған дейін Дархан Асаділов мерзімінен бұрын Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы