Мөлдір Мұқанова: "Тұрсынбектің жанынан сол адамды көргенде 24-қабаттан секірмекші болдым"

Қазақстандық продюсер Мөлдір Мұқанова алғаш рет отбасылық өмірі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен айырылысуы туралы айтып, журналист Жанар Байсемізге ашық сұхбат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұрсынбек бұл күндерді бағалар, өз қателігін түсінер, бір күні келер, «Мен қателестім, барлығын орнына қойдым. Мен бұрынғы әдемі, берекелі, мерекелі өмірімді қайтарғым келеді. Сол сәттерге оралайықшы. Қателестім» деген күн туатынына сенген болатынмын. Бірақ өкінішке қарай, ол күн туған жоқ, - деп ағынан жарылды Мөлдір Мұқанова подкаст барысында.

Алайда «Ат айналып қазығын табады, Жарасқан айналып нәзігін табады» деген сөздің бізге қатысы болмады деп отыр.

Бізде бәрі әдемі махаббатпен басталды. Оның таңдауы ауысты. Өзінің өмірін таңдады. «Сен маған қосылдың, менімен өмір бойы бірге болу керексің» деп те талап ете алмаймын. Әрине, өзіңнің сүйіп, жақсы көрген, өмірлік серігің деген адамың бір сәтте теріс айналған уақытта өте үлкен ауыр. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын... Сол кісімен өмірімді көрдім, сол кісімен өмірімді жалғастырамын деп ойладым. Барымды, нарымды, өзімді, өмірімді – бәрін арнадым. Осы – менің қателігім, - деп продюсер өкінішін білдірді.

Сондай-ақ ол «мінезімді көрсетіп, айғайлап ұрыс шығару – табиғатымды жоқ нәрсе» дегенді алға тартты. Айтуынша, 14 жыл бойы отбасының ойранын шығарған адамның бар екендігімен күресіп, мықты болып келген.

Мықты болудан да шаршайды екенсің. Мықты болғаннан керемет болдым деп айтпаймын. Мен қиналдым, жүрегім қан жылады. 24-этаждан құлаймын деп ойладым. Кетіп бара жатырмын... Тұрсынбектің өзі тоқтатты, ұстап қалды (көзіне жас алып)... Таңғы уақыт еді, өте қиын болды. Шетелге барып келген екен екеуі. Ол кезде мен де Дубайды көрмеген кезім. Тұрсынбек өзі «Дубай деген осындай екен» деп видеоларды көрсетіп жатты, - деп есіне алды Мөлдір.

Жұбайының опасыздығымен көзімен көрген сол ауыр түнді продюсер былайша сипаттады.

Жұмыспен кеткен болатын. Түнде бәріміз дастархан жасап, шығарып салдық. Тапсырыспен бірінші рет шетелге кетіп барады. Біз мәзбіз. Солдатқа бауырын шығарып салған адамдар сияқты. Сөйтіп барамыз, жұмысымызды атқарып, қайтып келеміз деп айтқан кезде жүрегім жылып кетті. «Дубайға бара жатырсың ғой, мен де еріп барайын» деген арамдығым да жоқ қой. Барып келген соң Тұрсынбек Дубайдың әдемі жерлерін телефоннан көрсетеді. Бұл әңгімені ешкімге айтпағанмын. Видеоны көрсетіп жатқанда қасында бір адам отырады ғой. Телефонын қарап отырып, «Қанеки, тұра тұршы» деп видеоны жылжытып қаламын. Тұрсынбек шошып кетеді. Ол өзі оның видеода бар екенін байқамай қалған. Сол жерде өзімді қоярға жер таппай, терезеге қарай жүгіремін. Оған дейін де бірге жүргендерін естіп жүрген әңгімем бар. «Мен қойдым, болдық, біз тоқтадық» деп тоқтатып қойып, семьямыз ажырамайды деген оймен жүрді ғой. Осы күні ойлап көрсем, ондай уақытта адам ойлана алмай қалады екен. Жаны қиналған уақытта... Ауыр ғой сенің сенген адамың, азаматың жұмыспен кеттім деп, осындай әрекетке барып келгені және осы уақытқа дейін алдап жүргені... Мен саған адалмын деп сендіріп келді, - деді Мөлдір Мұқанова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: әлеуметтік желі
Өзгелердің жаңалығы