Молдағұлова көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Молдағұлова көшесінде орташа жөндеу жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде. Жөндеу жұмысы Ә.Молдағұлова көшесінде Бекетай көшесінен Г. Потанин көшесіне дейін басталды.

Осыған байланысты биыл 27 мамырдан 1 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы