Мөде қағанның тағдыры арқау болған тарихи роман жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы ғалым Иманғазы Нұрахметұлының «От пен су» (Мөде қаған) романының тұсаукесері өтті.
Иманғазы аралас құрмалас сөйлемдерге көп қызықпайды. Түсінікті қылып жеткізеді. Бір жағынан поэзияның да өкілі, екінші жағынан ғылыми зерттеулермен де айналысады. Кезінде қасиетті Түркістанда білімін жетілдіріп, сонда «Ескі дәуір әдебиеті. Қазақ әдебиетінің ерте кезеңдері» атты кандидаттық дисертация қорғаған. Бұл еңбек біздің бүгінгі рухани қауымға аса қажет екенін сезініп отырмыз, - деді ЕҰУ-нің ф.ғ.д., әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлы.
Ол Иманғазы Нұрахметұлының осыған дейін жазып, жинаған еңбектері бір бөлек, ал осы «От пен су» (Мөде қаған) романы бір бөлек екенін атап өтті.
Мен бұл кітаптың шығуына өте ризамын. Өйткені, біздің тарихымыз, ескі дәуір туралы әлі де дұрыс түсінік болған жоқ. Ш.Уәлиханов атындағы тарих институты біздің заманымызға дейінгі дәуірді, адам баласының шыққан кезіне дейінгі дәуірді зерттеуді қолға алып отыр. Ал қазіргі біздің тұрған жеріміз цивилизясаның бастауы болғаны өтірік емес. Осындай кітаптар бұрынғы заманды зерттеудің үлкен бастамасы болатыны анық, - дейді ф.ғ.д., академик Досмұхамет Кішібеков.Оның айтуы бойынша, кітаптың аты өте дұрыс қойылған. От пен су дегеніміз – қарама-қарсылық. Өмірде барлық зат осыдан тұрады. Ал бұл сол қарсылықты жеңу деген сөз.
Шарада белгілі ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері өз құттықтауларын айтты.
23 ғасыр бұрын өмір сүрген Мөде ханның балалық шағы, сол бір айқас-шайқастар заманы, жерге ие болу, мемлекет құру сияқты болған оқиғаларды қазіргі бізге жеткізіп отырғаны өте бір таланттың, біліктіліктің, білімділіктің арқасы. Бұл жай ғана кітап емес, шалқып жатқан мұхит, - дейді ф.ғ.д., профессор Серік Негимов.Сондай-ақ тарихшы Тұрсынхан Қайыркен кітапта біраз жаңа дүниелер жазылғанын айтты.
Бұл тақырып маған таныс. Осының артынан 20-30 жыл ердім. Ғұндардың қытай тілінде шыққан жазбаша тарихы орысшаға да, ағылшыншаға да аударылды. Этнографиясы, археологиясына, дүниетанымына байланысты біраз дүниелерді жинадым, көрдім, оқыдым. Бұл кітапқа біраз жаңа дүниелер жазылған екен. Оны халыққа жеткізу,әрине, біздің міндетіміз.Жеңіл, өнер тілімен тарихта өз орнын қалдырды, - дейді т.ғ.д., профессор Тұрсынхан Қайыркен.
Ұмсындық НАУРЫЗБАЕВА
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент телерадиокешеніне – 25 жыл
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы