Мобилографияны қалай монетизациялау керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маркетолог және мобилограф Элеонора Абдраимова 1 шілдеде онлайн өткен EdTech: Transition to the Future білім беру технологияларының үшінші қазақстандық форумында өзінің тәжірибесімен бөлісті. Ол қазір қандай фотосуреттер мен видео трендте, вирустық бейнелерді қалай жасау керек, бұл үшін қандай бағдарламалар қажет және мобилография өнімдерін қалай монетизациялау керек екенін айтты.
Форумның алғашқы күні АХҚО бюросы data science, маркетинг, IT жобаларды басқару және басқа салалардағы жетекші сарапшылардың шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.
90-шы жылдар мен қазіргі кездегі TikTok
Бүгін телефонсыз адам қолсыз адам сияқты екені белгілі. Смартфон енді жай телефон емес, алғашқы табыс көзіне айналды. Ал телефоныңыз техниканың соңғы жетістігіне сәйкес болса, сіздің жұмысыңыз оданда қымбатырақ бағаланады. Смартфон-бұл өмірдің, бизнестің, адамдардың барлық салаларын басқаруға арналған қашықтан басқару құралы, ал TikTok-тың пайда болуы телефон арқылы жастарды басқаруға есік ашылды. Ал 90-шы жылдары гаджеттер мен интернет болмаған кезде жастар не істеді? Біз көшелерде әңгімелестік, бізде де тикток болды – мектепте толтырған 20 сұрақтан тұратын сауалнамасы. Бірақ әлем сандық жүйеге көшіп, қағазбастылық артта қалды, - дейді Элеонора Абдраимова.
Оның айтуынша, қазір тикток жас ұрпақтың кеңістігін иемденіп алғаны сонша, олар осы қосымшасы күндерін елестете алмайды.
Видео жасау оңай
Мен TikTok-қа алғаш рет тіркелгенде бұл мен үшін бөгде әлем сияқты көрінді. Мен бұл уақытты босқа өткіземін, сондай-ақ мен мұндай бейнелерді түсіріп монтаж жасай алмаймын, мұны мамандар ғана істеуі керек деп ойладым. Алайда мен «мобилография» терминін жиі естіп, бұл мәселені зерттей бастадым, - деді Абдраимова.
Мобилографтың айтуынша, мобилография - бұл қарапайым және оңай бейнелерді жасау өнері.
Мобилографияны смартфоны бар адамдарға ақшаны тез табуға көмектесетін жаңа мамандық деп айтуға қорықпаймын. Адамдар бір-біріне өз ойлары мен сезімдерін бейнелер арқылы жеткізе алуға қабілетті. Мобилографияда сезімдерді жеткізе білу маңызды, - дейді маман.
Дедлайн
Ұтқырлық қазір трендтерге бейімделудің жоғары жылдамдығымен анықталады. Әлеуметтік желіде ешкім мәтін оқымайды, фотосурет те аз жариялана бастады. Мысалы, аптасына таспада 3-ке дейін хабарламаның болуы жеткілікті. Қазір бейнестористердің форматы басым, оны PR маманы Сәуле Серғазинова күніне кемінде 7 сториз болуы керек дейді.
Адамдар ақпаратты сіңіруге аз уақыт жұмсауға тырысады. Мұнда сапа маңызды. Біз айтқандай сапа - бұл заманауи смартфонға және гаджеттерге түсірілген видео және фотоконтент. Оларды басқару бойынша негізгі дағдыларды үйренсеңіз, олар бұл міндетті оңай атқарып шығады. Кәсіби түсірілімнен айырмашылығы, мобилография тиімді және өзгеше кадрлармен ерекшеленеді. Мысалы, қандай да бір керемет эффектілермен түсірү үшін смартфонды аударып, бұрышқа орнатып, тіпті айналдырып түсіруіге болады, - деді ол.
Сондай-ақ маман жаңадан үйреніп жүрген мобилографтар үшін не қажет екенін айтты.
Олар:
- Камера
- Жарық (түсті түзету)
- Дыбыстық безендіру (микрофон, петличка)
- Паук - штатив (өзіңізді түсіруге ыңғайлы)
-Штатив (кәсіби түсіру үшін)
- Телефонға киілетін камера жарығы
- Тұрақтандырғыш
Мобилографияны үйрену оңай. Керемет бейнелерді түсіруге және монтаж жасауға болатын көптеген керемет әдіс бар. Бейнелер тіпті вирустық болуы мүмкін. Мысалы, менің мобилографияға икемімді дамыту тарихы жаңа смартфон сатып алудан басталды, суретке түсіруге тырыстым, содан кейін блогерлер арасында танымал мобилограф Қуаныш Омаровтың шеберлік-сағатына бардым. Әзірге менде тек алғашқы деңгей бар, бірақ қазір мен одан қалай ақша табуға және қызықты жобаларды жүзеге асыруға болатындығын түсінемін, - деді Элеонора Абдраимова.
Сондай-ақ мобилографтың айтуынша, корпорацияларда СММ мамандары ұзақ уақыт жұмыс істейтіні құпия емес, олар тек мәтін мен сурет дайындаса, қазір әлеуметтік желілерді дамыта отыра көптеген СММ маман мобилография дағдыларына ие болуы керек. Мұндай кадрлар өте құнды.
Мобилографиядан қалай ақша табуға болады?
Алдымен мобилография негіздерін беретін курстардан өтіңіз. Түсіруді бастаңыз, көріңіз, жанрыңызды іздеңіз, қызықты және басқаларға ұқсамайтын контент жасауға тырысыңыз. Видеомонтажға арналған қосымшаларды зерттеңіз, бұл өмірдің кез келген саласында қажет болады. Сіздің видеоларыңыз көрермендерге ұнағанын сезгеннен кейін, мобилография қызметтерді ұсына бастаңыз. Телефонға түсіру құны кәсіби түсірілім құнынан әлдеқайда төмен болғандықтан, cізге көп клиент келетініне уәде беремін. Бірақ смартфон арқылы да сіз керемет видео түсіріп, оларға үлкен көлемде көрсетілім жинай аласыз, - деді ол.
Маманның айтуынша, видеомонтаж үшін пайдалана алатын бағдарламалар: Inshot, Youcut, Cupcut, Vita және VN.