Мобильді топ рейд жүргізуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіпкерлік нысандардың карантин режимін сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильді топ құрылған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірлескен топ өкілдерінің рейдтік шарасы барысында бірнеше нысанның карантин ережелерін елемегені белгілі болды. 27 шілде күні Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шараларының нәтижесінде Бас санитарлық дәрігерінің №25,26,27 Қаулыларын сақтамағаны үшін Шымкент қаласы Арғынбеков көшесі бойында орналасқан "Рахат" кафесінің меңгерушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шара көру үшін Абай аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құрбан айт: Қасапханалар санитарлық талапқа сай
Келесі жаңалық
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы