Мобильді азаматтар базасына тіркелгендердің саны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері карантин шектеулері енгізілгеннен кейін наурыз айынан бері 1,6 миллион азаматты мобильді азаматтар базасына тіркеді. Жалпы, мобильді құралдар арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беретін бұл базаны қазіргі таңда 9,4 миллион қазақстандық қолдануда.

«Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, Қазақстан бойынша мемлекеттік корпорацияның бірқатар маманы қайта даярлаудан өтіп, видеокеңесші ретінде азаматтарды қашықтықтан МАБ-на тіркеуге кіріскен. 
Қазір 1414 сall-орталығында бір жарым мың адам жұмыс істейді. Соның ішінде 400 видеокеңесші онлайн тәртіпте тұрғындарды мобильді азаматтар базасына тіркеумен айналысады. Осының нәтижесінде коронавирус індеті кезінде де бұл үрдіс тоқтамай, соңғы 5-6 ай ішінде мемлекеттік қызметтерді мобильді құралдар мен egov.kz порталы арқылы алушылардың қатары 1,6 миллионға артты, - деді Әсемгүл Балташева.
МАБ-қа тіркелген тұлғалар мемлекеттік қызметтерге eGovMobile қосымшасы, EgovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы қол жеткізіп, сондай-ақ проактивті қызметтер мен басқа да сервистердің игілігін көре алады. Оның үстіне МАБ қолданушыларына құжаттың дайын болғандығы немесе ЭЦҚ мерзімінің өтіп бара жатқандығы туралы sms-хабарлама келеді. 

Айта кету керек, мобильді азаматтар базасына egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы немесе egov.kz виртуалды кеңесшісінің көмегімен тіркелуге болады. Мобильді азаматтар базасындағы тіркеуді тексеру үшін egov.kz электрондық порталындағы «сервистер» бөлімін қарау керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы