Мобильді аударымдарды тексеру: Айыппұл салына ма?
Вице-министрдің айтуынша, азаматтарға декларация тапсыруға немесе түсініктеме беруге 30 жұмыс күні уақыт беріледі.
Қаржы министрлігі қазақстандықтардың мобильді аударымдарына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенаттың кулуарында қазақстандықтардың мобильді аударымдарына жүргізіліп жатқан тексерістер туралы пікір білдірді.
Журналистер вице-министрден: "Тексеру қорытындысы бойынша азаматтарға хабарламалар жіберіле бастады ма?" деп сұрады.
Вице-министрдің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс қазір жүріп жатыр және хабарламалар барлық санат бойынша жолдануда. Алайда әр іс бойынша заңда белгіленген мерзім сақталады.
Салық төлеушілерге 30 жұмыс күні уақыт беріледі. Осы аралықта декларация тапсыруға немесе қажетті түсініктеме ұсынуға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда ешқандай айыппұл салу, шоттарды шектеу немесе банк тарапынан санкция қолдану мәселесі қарастырылып отырған жоқ, – деді Ержан Біржанов.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті BAQ.KZ редакциясының сауалына мобильді аударымдарды тексеру талаптарын түсіндірген болатын.
- Алматы әуежайында жолаушы түсірген таксистерге жаппай айыппұл салынып жатыр ма? Полиция жауап берді 15:43
- «Lotus Fest-2026»: Биыл фестивальге 10 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде 15:35
- Құрылтай сайлауы: Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді 15:31
- Қазақстанда студенттердің 85%-ы жатақханамен қамтылған 15:16
- Полиция қызметкерлерін тепкілеп, тас және таяқпен ұрған: Үш ер адам түрмеге қамалды 15:07
- Астанада 9 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен: Федерация мәлімдеме жасады 14:49
- Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада аптап ыстықтан кейін күн күрт суытады 14:37