Мобильді аударымдар: енді миллионнан асса ғана тексерілуі мүмкін

Елімізде мобильді аударымдар арқылы табыс табатын жеке тұлғаларға қатысты бақылау күшейтілмек. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Жеке тұлғалардың табыстарын әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Әсемгүл Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Банктер қандай аударымдарды тексереді?

2022 жылдан бастап екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері бар аударымдарды бақылап келеді. Қаржы министрінің 2022 жылғы № 323 бұйрығына сәйкес, егер жеке тұлға қатарынан 3 ай бойы 100 немесе одан да көп әртүрлі адамнан ақша алса, бұл кәсіпкерлік қызметтің белгісі болып саналады.

Мұндай жағдай анықталса, банктер бұл ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына тапсыруға міндетті. Яғни, салық органдары бұл адамның кәсібін заңдастырған- заңдастырмағанын тексеруі мүмкін.

Жаңа өзгерістер қандай?

Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен және банктермен бірлесіп, ережеге қосымша өзгеріс енгізуді қарастырып жатыр. Енді үш ай ішінде мобильді аударымдар арқылы түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асса, бұл да кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде қарастырылады.

2024 жылы ЕТЖ мөлшері 85 000 теңге болғандықтан, 12 ЕТЖ шамамен 1 020 000 теңге. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - Архив
Өзгелердің жаңалығы