Бүгiн 2026, 04:39 Фото: pexels.com

Мобильді аударымдар бойынша шекті сома өзгеруі мүмкін

Мобильді аударымдардың шекті сомасы қазіргідей 1 млн 20 мың емес, 1 млн 800 мың теңге болады деген болжам бар.

Мобильді аударымдарға қатысты шарттар өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Кірістер комитеті мәлімдеді.

Қазіргі ережеге сәйкес, аударымдар тұрақты түрде үш ай бойы жалғасса және жалпы сома шамамен 1 млн 20 мың теңгеден асса, банктер салық органдарына хабарлайды.

Бірақ бұған дейін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ең төменгі жалақының көлемін 150 мың теңгеге дейін өсіру қарастырылып жатқанын айтқан еді. Демек, мобильді аударымдардың шекті сомасы қазіргідей 1 млн 20 мың емес, 1 млн 800 мың теңге болады деген болжам бар.