Мобильді аударымдар: Банктер салық органдарына қазақстандықтар туралы есеп бере бастайды
Сәуір айынан бастап екінші деңгейлі банктер мобильді аударымдар бойынша белгіленген критерийлерге сәйкес мәліметтерді салық органдарына ұсына бастайды. Жаңа тәртіпке сәйкес, үш ай қатарынан 100-ден астам жіберушіден 1 млн теңгеден көп қаржы түскен азаматтар салықтық бақылауға ілінуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Екінші деңгейлі банктерден белгіленген критерийлер бойынша алынған алғашқы мәліметтер биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 15 сәуірге дейін салық органдарына түседі, - деп жауап берді Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі редакциямызға.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарты қолданысқа енді.
Не өзгерді?
Енді аударымдар келесі критерийлер бойынша тексеріледі:
- Бір адамға үш ай қатарынан (қаңтар, ақпан, наурыз) 100-ден астам әртүрлі жіберушіден ақша түссе;
- Жалпы аударылған ақша сомасы 1 млн теңгеден асса.
Егер осы екі шарт бір мезгілде орындалса, салық органдары тексеріс жүргізе алады. Екінші деңгейдегі банктер тиісті ақпаратты салық органдарына тапсыруға міндетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы