Мобильді қосымшаларда жаңа «Төлемдер» функциясы пайда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің кулуарында Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мобильді қосымшаларда төлем жасауға арналған жаңа «Төлемдер» функциясы туралы айтты.
Қазір мобильді қосымшаны пайдаланатындардың бір ғана «Аударым» жасау мүмкіндігі бар. Енді «Төлем» жолы пайда болуы керек. Аударымдар туыстар арасында жүзеге асырылады, ал тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемдер жүргізіледі. Ол қолма-қол ақшамен де, картамен де төлеуге болатындай функция, - деді Сұлтанғазиев.
Вице-министр айтқандай, бұл кәсіпкерлерге қосымша салмақ түсірмейді. Салық мөлшерлемелері, төлеу мерзімі, есеп беру тәртібі өзгеріссіз қалады.
Егер сіз ақша аударған болсаңыз, онда сіз тұтынушы ретінде өз құқықыңызды қорғау мүмкіндігін айырылып отырсыз. Өйткені сіз затты алмағанмен, ол үшін тек аударым жасадыңыз. Егер сіз оны сатып алсаңыз, сізге чек беріледі, бұл өнім мен қызмет үшін төлем екенін көрсетеді. Кейін тұтынушы ретінде өнімнің сапасына талап қоюға, оны қайтаруға болады. Ал бұлай жасамасаңыз, онда сіз тұтынушы ретінде құқығыңыздан айырылдыңыз. Төлемді емес, аударымды қабылдаған жеке кәсіпкер мұны салық есептілігінде көрсетуі екіталай, - деп түсіндірді Қаржы министрлігінің өкілі.
Бұған дейін елімізде мобильді аударымдардың реттелетіні туралы хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутаттар кеншілердің зейнет жасын төмендетуді ұсынды
Өзгелердің жаңалығы