Моңғолиялық қазақ моңғол күресінен "Лашын" дәрежесін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолиялық қандасымыз Мұстафа Нұрланұлы бес балуанның жауырынын жер иіскетіп, мемлекеттік "Лашын" атанды.

Лашын өздеріңіз білетін жыртқыш құстың атауы. Одан әрі жыға берсе, мемлекеттік Қаршыға, Піл, Гарьд, Арыстан және Жеңімпаз балуан болып беріледі. Мемлекеттік деңгейде 512-ден 1024 балуанға дейін күреседі. 

Моңғол күресінде атақ мемлекеттік, аймақтық және аудандық болып бөлінеді. Ол атақ жылына бір рет тойланатын тарихи тойларында беріледі. Мемлекеттік атақ алу үшін бес рет жығу керек. Алдымен мемлекеттік атақтарға жету үшін ұлттық күресте аймақтық, аудандық тойларда жеңіп, осы дәрежелерді алу керек. Бұл оңайлықпен келмейді. Бабың мен бағың келмесе ұзақ жыл күресесің.

Соңғы үш жылда Бай-Өлкеден үш мемлекеттік балуан және аймақтық деңгейдегі мықты балуандар шығып жатыр. Ал мемлекеттік атақ алған балуандарға үлкен қошеметпен олимпиада жүлдегерлері дәрежесінде құрмет көрсетіледі.

Сол сияқты бұндай мемлекеттік атақ садақшылар мен ат бапкерлеріне де беріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы