Моңғолия мен Қазақстан арасындағы рейстер тоқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияда коронавирус тарауына байланысты Ресей, Түркия және Қазақстанға бағытталған жолаушылар рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды CentralAsia.
Төтенше жағдай бойынша мемлекеттік комиссияның хабарлауынша, 11-28 наурыз аралығындағы Мәскеу, Стамбул және Нұр-Сұлтанға бағытталған әуе рейстері тоқтатылған.
Комиссия шешіміне сәйкес, бір әуе компаниясы рейстер тоқтаған кезде шетелдегі моңғолдарды елге қайтарумен айналысады. Сондай-ақ, кездесу барысында Моңғолия азаматтарының Ресейге Моңғолия-Ресей автожолы арқылы өтуіне уақытша тыйым салу және 31 наурызға дейін шетел азаматтарының Ресей арқылы кіруіне тыйым салу туралы шешім қабылданған.
Одан бөлек, 28 наурызға дейін Ұлан-Батыр – Иркутск – Ұлан-Батыр, Ұлан-Батыр –Мәскеу – Ұлан-Батыр бағытындағы теміржол бағыттарында жұмыс тоқтады.
Ақпанның соңында Моңғолия Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Гонконг және Тайваньға рейстерін тоқтатқан.
Айта кетейік, 10 наурызда Моңғолияда Франция азаматынан коронавирус анықталды. 2 наурызда Мәскеу-Ұлан-Батыр бағытымен Моңғолияға ұшып келген Франция азаматының дене қызуы көтерілген. Сараптама нәтижесінде коронавирус бар екенін растаған.