МКК байланыс орталығының операторына күніне 100-ге жуық қоңырау түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті мүшелерінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлерімен кездесуі барысында белгілі болды. Жиынға Сенат депутаттары Ольга Перепечина, Ерболат Мукаев, Сергей Плотников, Бактыбай Чельпеков және МКК қызметкерлері қатысты.
Депутаттарға Байланыс орталығы мен Ахуалдық орталықтың жұмысы таныстырылды. Байланыс орталығы 1414 нөміріне келіп түсетін проблемалық мәселелерді шешумен айналысады. Орташа есеппен бір оператор күн сайын 94 қоңырауға дейін жауап береді. 3,5 минуттық телефонмен сөйлесу кезінде хабарласушы Мемлекеттік кіріс органдарына бармай, өз жағдайы бойынша толық мәліметтерді алуға мүмкіндігі бар. Ең белсенді Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары. Олардан 1414 нөміріне барлық өтініштерінің 54,3% келіп түседі. Кері байланыс алу тетігі іске асырылғалы хабарласушылардың 91,6%-ы байланыс орталығының жұмысын "5"-ке бағалады.
Ахуалдық орталыққа барлық техникалық бақылау құралдары қосылған. Сыртқы экономикалық қызметтің тәуекелдік қатысушыларына қатысты мінез-құлықтың мақсатты модельдері әзірленген соң, субъектіні анықтау кезінде тексеруге адам факторы барынша азайған.
"Бизнестің ашықтығы" саласындағы маңызды сандық жобалар туралы МКК қызметкерлері егжей-тегжейлі таныстырды. Дүниежүзілік Банктің ұсынымдарына толық сәйкес келетін тәуекелдерді басқару жүйесі әдістерінің таныстырылымы өтті. Тәуекелдерді басқарудың 26 үлгісі әзірленіп, оның нәтижесінде бюджетке қосымша 132 млрд. теңге түсті. Біз салық төлеушілерді тәуекел деңгейі бойынша санаттау мен тексеруге іріктеуді сандық талдау әдістерімен жүргізуге қол жеткіздік, онда адам факторы мүлдем болмайды.
ЕАЭО елдерінен жүктерді тасымалдау кезінде анықталған бұзушылықтар статистикасы қаралды. Мәселен, Қазақстанның ЕАЭО-ға (2010 жыл) кірген сәттен бастап өзара сауда жасаушыларға талдау жасалған жоқ. Алайда 2019 жылы "жалған жүк алушыларды" рәсімдеу фактілері анықталды.
Осыған байланысты импортқа ҚҚС алу бойынша өткізу пункттерінде әкімшіліктендіру күшейтілді, "экспорттық бақылау модулі" пилоттық жобасын іске қосу жүзеге асырылып, навигациялық пломбалар қолданылады.
Жоғарыда аталған жұмыс бағыттары газет және интернет-басылымдардың журналистері жиі жазатын, ең көп талқыланатын тақырыптардың қатарында.
Сонымен қатар отырысқа қатысушылар еркін пікір алмасып, кең ауқымды мәселелерді талқылады.