МКК азаматтарды «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «E-Salyq Azamat»  мобильді қосымшасының мүмкіндіктерін 370 мыңға жуық азамат пайланып үлгерді, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Түзету сервисін (жылжымайтын мүлік, автокөлік) – 10 мың адам пайдаланып, оның ішінде 6,4 мың автокөліктің иелері уәкілетті органдағы деректерді дұрыстаған.

Сондай-ақ, артық төлемді басқару сервисінің көмегімен 7 мың азамат смартфон арқылы артық төленген салықтарын басқа салықтарына аударған. Жалпыға бірдей декларациялау аясында активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны 207 мың адам тапсырған, - делінген хабарламада.

 «E-Salyq Azamat»  мобильді қосымшасында жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы: 
• салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеу;
• салық берешегін тексеру;
• артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
• мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
• салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
• жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді жасау;
• жұмыс берушіңіздің жалақыңыздан табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің қанша ұстап қалғанын тексеру;
• жалпыға бірдей декларациялау аясында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) ұсыну;
• мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтарына баруды онлайн брондау.

«e-Salyq Azamat»  тегін мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады. Авторизациялау тәсілдері туралы ақпарат мобильді қосымшада бар.

МКК-нің YouTube арнасында қосымшада жұмыс жасаудың бейненұсқаулықтары орналастырылған. Осындай роликтердің бірін сілтеме бойынша қарауды ұсынамыз, - деді МКК.


Толығырақ ақпаратты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе «1414» нөміріне хабарласып, алуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы