Алматыда «Мизам» базарының аумағында контейнер өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы «Мизам» базарының аумағында контейнер өртеніп жатыр. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жолының бойында орналасқан 78/1 – «Мизам» базарының аумағында контейнер өртенді. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына шықты. Бір қабатты қойма (металл-пластмассадан жасалған бұйымдар сақталған) жанып жатыр, жақын жердегі қоймаларға өрттің өршу қаупі бар», - деп хабарлады ТЖД-да. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қойма 50 шаршы метрді құрайды. Оның қабырғасы кірпіш, шатыры металл. ТЖД-ның 43 қызметкері мен 12 техника жұмылдырылды. Қосымша өрт сөндіру техникасы жіберілді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы