"Миына қан құйылған": Қаскелеңде оқушының неден қайтыс болғаны анықталды

Кеше Қаскелеңдегі Қаныш Сәтбаев атындағы мектепте 9-сынып оқушысының жағдайы күрт нашарлап, қайтыс болған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мектеп директоры Рысбибі Дүйсебаеваның айтуынша, жасөспірімнің жағдайы кенеттен нашарлаған. Ол басы айналып, жүрегі айнығанын айтып шағымданған. Сол сәтте жанында осы мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әжесі болған.

КТК мәліметінше, мектеп әкімшілігі бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер тез жетіп, реанимациялық шаралар жүргізгенімен, оқушының өмірін сақтап қала алмаған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша жасөспірімде ми ісінуі мен миға қан құйылу анықталған.

Балалар оның басы айналып, жүрегі айнығанын айтқан. Жедел жәрдем шақырылды. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде жасөспірімде миға қан құйылғаны белгілі болды, – деді мектеп директоры Рысбибі Дүйсебаева.

Ол сондай-ақ тоғызыншы сынып оқушысының сабақты жақсы оқығанын, спортпен шұғылданғанын және ешқандай жанжалдарға қатыспағанын қосты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы