Митталдың орнына келген адам не істеп жатыр? - Министр жауабы
Үкімет сағатында депутат Анас Баққожаев Өнеркәсіп және құрылыс министрінен Қарағандыдағы металлургиялық комбинаттың жағдайы туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа инверстор пайда болды. Лаврентьев мырза... Сол Лавреньтев 3,5 миллиард құямын деді. 2024 жылы 1,3 млрд доллар құямын деді. Міне, мамыр айы болды. Осы ақша түсе ме? Осы ақша қандай міндеттермен бекітілді? Ақша түссе, не қолға алынады? - деді Анас Баққожаев.
Өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапев ақшаның қайда жұмсалатынын былай түсіндірді:
Қарағандыдағы темір өндіретін кәсіпорында 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Экономикаға әсер ететін кәсіпорынның бірі. Ең алдымен, Андрей Лаврентьев 3,5 миллиард теңгеге инвестиция жасауға уәде берді. Осы инвестицияны қай бағытқа бағыттаймыз? Біріншіден, экологияға бағытталады. Мәселен қазіргі таңда домна пеші тек көмірмен жағылады, оны газбен жағуға болады. Мұндай жоспар бар. Келесі жылы жоспарды аяқтаймыз. Өз кезегінде, бұл экокологияға жақсы ықпал етеді. Екіншіден, тауар тізбегі өте аз. Мұны арттыруымыз керек, - деді Шарлапаев Үкімет сағатында.
Министр кеншілердің айлығы көтерілгенін айтты. Сондай-ақ кенде өндіру көлемі артқанын да жеткізді.
Өткен жылы өндіріс көлемі азайып кеткен еді. Биыл қайта көтеріп жатырмыз. Бірінші тоқсанда нәтиже берді, - деді министр.