Митингке 18-ге толмағандарға қатысуға рұқсат берілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді бейбіт митингке 18 жасқа толмаған ҚР азаматтары қатысуға рұқсат берілуі мүмкін және бейбіт жиынға 250-де астам адам жиналуға рұқсат етілмеуі мүмкін.

Қазір елордадағы ҚР Ұлттық кітапханасы ғимаратында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауы өтіп жатыр. 

Талқылауға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.

Осы аптада бейбіт митинг бойынша заң жобасын талқылауға Қазақстан-Халықаралық адам құқықтары және заңнаманы ұстану бюросы алаң ұсынды. Қоғамдық тыңдауларда және ашық деректер порталына азаматтардан  261 пікір келіп түсті. Пікірдің көп бөлігі реттеу және хабардар етуге байланысты, арнайы орын және бейбит жиын туралы хабар тарату кезіндегі журналистердің құқығына қатысты болды. Сонымен қатар, адамдардың санын 250-ге дейін шектеу және бейбіт жиын өткізуге рұқсат бермеуге қатысты пікірлер көбірек түсті. Бұл заң жобасы өте белсенді талқыланып жатыр. Көріп тұрғаныңыздай министрлік те барынша қамтуға тырысты. Бүгін де міне Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, қоғам  белсенділері, заң ғылымдарының докторлары, мемлекеттік қызметшілер, құқықщорғаушылар қатысып отыр. Сіздердің заң жобасына қатысты барлық пікіріңізді тыңдаймыз, - деп бастады Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин.

Министрлік өкілі бейбіт митинг, жиын өткізу туралы заң жобасы аясында  талқыланып жатқан  өзгерістердің тізімін атап өтті. Айтуынша, митингке 1000 адам қатысады деген ұсыныс беріп, кейін 20-30 адам жиналған кездер болған. Сондықтан осындай факторлар мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, бейбіт митингке қатысушылардың санын 250 адамға дейін шектеу туралы ұсынысты айтты.

Ұсынылып отырған заң жобасындағы өзгерістер туралы ұсыныстардың ішінде бейбіт митингтер туралы хабардар ету және реттеуге байланысты регламент бар. Егер бейбіт митингке 250-ден астам адам қатысатын болса, митинг өткізуге арнайы орын беру туралы хабарлама беріледі. Егер митингке қатысушылардың саны 250 адамнан асса, онда бейбіт митинг, жиын өткізуге рұқсат берілмейді. Арнайы орынға байланысты айтсақ, қала шетінде емес.  Қауіпсіздік, санитарлық нормаларды сақтаған және ұйымдастырушылар үшін инфрақұрылымы жақсы орын болу керек; Қазіргі уақытта, заң жобасында митинг өткізу орындарын жергілікті мәслихаттар анықтап беретіні қаралады. Мысалға алсақ, Нұр-Сұлтан қаласында 4 аудан болса, бейбіт жиын өткізуге 4 орын болу керек. Сондықтан біз заңда арнайы орын қалай болуы керек екенін нақты әрі түсінікті қылып көрсеттік. Төртінші, бейбіт митинг кезіндегі ақпарат тарататын журналистердің қауіпсіздігі. Сонымен қатар, бейбіт митингке қатысатын 250 адам санын халықаралық тәжірибе мен еліміздегі митингке берілген өтініштерге қарап, осы норманы қалдырып отырмыз. Кейбір ұйымдастырушылар 1000 адам  қатысады деп өтініш білдіріп, кейін бейбіт митингке 20-30 адам келген кездер болды, - деді ол.

Бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермеуге қатысты айтсақ, осы заңда митинг өткізбеу туралы негізсіз себеп болмайды. Министрлік, азаматтардың барлық ұсынысын қарап шықты. Заңда қатысушы деген түсінікте жас ерекшелігіне қарай шектеу алынып тасталды. Енді бейбіт митингке 18 жасқа толмаған азаматтар қатыса алады. Екінші, бейбіт митинг өткізу туралы хабарламада көрсетілген адам сандарына қатысты норма бұзылған жағдайда бейбіт митинг тоқтатылуы тиіс. Осы екі пункті біз ұйымдастырушылардан міндет ретінде алып тастаймыз. Үшінші, бейбіт митинг заңнамасын бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған тұлғаға бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермеу туралы пункті алып тастаймыз, - деген вице-министр заң жобасының өзгерістеріне тоқталды. 

Журналистердің қауіпсіздігі, қару алып жүруді шектеу т.б. ұсыныстар қаралып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы