Алматыда рұқсат етілмеген митинг өтті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы алдына наразы топ рұқсат етілмеген митингке шықты.

Тәртіп сақшылары мен арнайы қызмет өкілдері маңайды қатаң бақылауға алды. Жиналғандар арасында әйелдер мен егде жасқа келген адамдар көп. 

Сонымен қатар Абай көшесімен өтіп жатқан көліктер сигнал басып өтті.

Жиын кезінде Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетов және Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев халықты үйлеріне қайтуға шақырды. Ұсталғандардың кейбірі өздерінің ешқандай заң бұзбағандарын айтып жатты.

Еске салсақ, бұған дейін шетелде қашып жүрген Мұхтар Әбілязов халықты 6 шілде күні митингке шығуға шақырған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы