Митинг кезінде жүздеген полиция жарақат алды - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 9, 10, 11 маусым күндері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткен заңсыз митингтен 300-ден астам полиция қызметкері жарақат алған. Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 9, 10, 11 маусым күндері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткен заңсыз митингтен 300-ден астам полиция қызметкері жарақат алған. Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
"Митинг кезінде 300-ден астам полиция қызметкерлері жарақат алды. Оның ішінде алтауы ауруxанада жатыр. Мұның бәрі үш күнде орын алған жағдайлар – 9, 10, 11 маусымда. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қандай да бір арнайы құралдарды қолданған жоқ.Фототүсірілім және видеоларды қарасаңыз полицейлерге қалай шабуыл жасалғанын көрер едіңіздер. Сүйектері сынған, бас-сүйек жарақаттарын алғандар бар. Өйткені, дене жарақаттарының барлығы тас лақтырғаннан және таяқ пен арматурамен ұрғаннан пайда болған. Кейбір азаматтар жағдайды ушықтыру үшін осындай қадамдарға барған", - дейді Ерлан Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, егер полиция тарапынан қарапайым адамдар жарақат алып немесе жапа шексе прокуратураға арыз жазу керек.
- Тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау: Есіл өзенінің жағалауында профилактикалық рейд өтті 16:18
- Измир жағалауында 39 заңсыз мигрант ұсталды 15:19
- Ақмола облысында түн ішінде 2,7 гектардан астам аумақтағы құрғақ шөп өрті сөндірілді 14:51
- Иранның оңтүстік-батысында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды 14:18
- Оңтүстік Америкадағы Гайана жағалауында 116 адам мінген кеме аударылып қалды 13:48
- 19 шілдеге арналған валюта бағамы жарияланды 13:16
- Ақтауда әйелге шабуыл жасады деген күдікті қамауға алынды 12:52