Миссияға қатысу әскердің жауынгерлік дайындығын жетілдіреді – Жақсылықов
Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бітімгершілік миссиясын қысқарту мақсатында әскери контингентті жеткізу елдер арасында бәсекелестік артып келеді. Осы қызмет шеңберінде ел позициясын бекіту мақсатында ұйым жарғысының VII тарауының аясында Қарулы Күштердің Таяу Шығыстағы, Оңтүстік Судан Республикасындағы миссияға қатысу географиясын кеңейтуді орынды деп санаймын және оны жалғастыруды ұсынамын, - деді министр.
Жақсылықов атап өткендей, геосаяси шиеленіс жағдайында өңірлік және ұлттық қауіпсіздікке төнетін сын-қатер пайда болады. Оның бір бөлігі әскери әдіспен ден қоюды талап етеді.
Әскер даярлығын одан әрі нығайту және қазіргі заманғы қатерге қарсы әрекет етуде тәжірибе алу мәселесі өзекті. Миссияға қатысу әскердің жауынгерлік дайындығын жетілдіруге, бітімгершілік операцияға дайындығына қол жеткізуге мүмкіндік береді, - деп айтты Қорғаныс министрі.