“Міржақып. Оян, қазақ!” фильмі кинотеатрлардан көрсетіледі

Ақын, жазушы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының өміріне қатысты фильм енді кинотеатрлардан көрсетіледі, деп хабарлайды, BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген "Міржақып. Оян, қазақ!" телехикаясының негізіндегі толықметражды көркем туынды бүгіннкн бастап көрерменге жол тартады. Ақыннң рөлін сомдауға елордалық «Жастар» театрының актері Бақыт Хаджыбаев таңдалған.

Рөлге кастинг арқылы таңдалдым. Режиссердің таңдауы маған түскен екен. Негізі жауапкершілігі мол рөл деп айтар едім. Міржақып атамыздың аты қазақ еліне аян. Өзінің бозторғай жаны шырылдап елі, жері үшін жанын қиған асыл азамат. Осы рөлді сомдайтын кезде қуанышымнан гөрі қорқынышым басым болды. Түсірілім барысында қатты қиналдым деп айта алмаймын. Өйткені режиссердің, сценарийдің мықтылығы шығар деп ойлаймын. Бірақ қиындықтар да болды. Уақытқа байланысты. Әсіресе түнгі түсірілімдер. Рөлді сомдаған кезде актер ретінде әттеген-ай деген сәттер де болды. Ол әрбір актерде болады деп ойлаймын. Фильмді көріп отырып мына жерін басқаша ойнауым керек еді дейтін сәттер болады, -дейді актер Бахыт Хаджыбаев.

"Qazaqstan" РТРК" АҚ Басқарма басшысы Ләззат Танысбай тарихи сериалдарға көрерменнің сұранысы да көп екенін айтады.

Бұл біз үшін тәжірибе деуге болады. Себебі корпорация фильм түсірумен айналыспайды. Міндетіне кірмейді. Өткен жылы Міржақып. Оян, қазақ сериалын шығардық. Сұраныс өте көп болды. Түсірген тарихи сериалға бірде-бір сын болған жоқ. Мұны мақтанышпен айта аламыз. Біріншіден ол режиссер Мұрат Есжанның жұмысы. Екінші, біз осы уақытқа дейін жинаған тәжірибемізді, бар күшімізді соған салдық. Сондықтан да керемет туынды шықты. Халықтың сұрайтыны әсіресе жастарға керек фильм екенін түсінеміз. Сондықтан ол туындыны алып қайтадан оған ақша салдық. Монтаждадық, керек жерлерін қайта түсіртіп, өңдеп шығардық. Бүкіл қазақ көретін, санамыз үшін, қоғам үшін пайдалы фильм,-дейді "Qazaqstan”РТРК" АҚ Басқарма басшысы Ләззат Танысбай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы