Әмірлікте 200 адам судан уланып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірлігіндегі Аджман қаласындағы Horizon Towers кешенінің 191 тұрғыны улану белгісімен жергілікті ауруханаға түскен, деп хабарлады РБК.
Адамдардың жаппай емханаға түсуі осы демалыс күндері орын алған. Дәрігерлер адамдардың лас құбыр суынан уланғанын анықтаған.
Уланғандардың ішінде сегіз адам ауруханаға жатқызылған, қазір олар жеке терапияда ем қабылдап жатыр, жағдайлары тұрақты. Қалған адамдар амбулаториялық режимде емделуде.
Қазіргі уақытта коммуналдық қызмет тексеру жұмыстарын жүргізіп, барлық құбырларды залалсыздандырып жатыр. Басылымның жазуынша, адамдар бұған дейін де пәтерлеріндегі судың сарғайып, сасық иіс шыққанына арызданған екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Халық бізге сенім артып, өз таңдауын жасады – Тоқаев
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы