Өмір бойына сотталған лаңкес өзіне қол жұмсады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде әскери бөлімге шабуыл жасаған лаңкес өзіне қол салды.
Өмір бойына сотталған 34 жастағы Асхат Иманғалиев түрмеде асылып қалған. Бұл туралы "КТК" арнасының сайтында хабарланды.
Ол осыдан төрт жыл бұрын жат ағымның жетегінде кеткен жігіттермен 6655 әскери бөлімі мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасаған. Сол кезде жеті бейбіт тұрғын қаза тауып, қырыққа жуық адам жарақат алған еді.
Өмір бойы түрмеге қамалған жеті лаңкестің бірі былтыр туберкулезден қаза тапса, екіншісі – Асхат Иманғалиев Арқалықтағы түрмеде өзіне қол салды. Ол тірі кезінде берген сұхбатында азғырушыларының "тірідей қолға түскенше, өлген артық" деп үгіттегенін айтқан болатын, - делінген ақпаратта.
Алты күнге созылған арнайы операция барысында оқиғаға қатысы бар делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған. Ақтөбедегі қарулы шабуылға қатысқан 29 адамның жетеуі сот үкімімен өмір бойына түрмеге қамалған болатын. Өзге айыпталушылар екі жылдан 22 жылға сотталып, "қылмысты жасырып қалған" бір адамның төрт жылға бостандығы шектелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық фристайлшы Еуропа кубогы кезеңінде топ жарды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы