Минскіде ҰҚШҰ елдерінің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысы өтеді
8 маусымда Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтеді, деп хабарлады BAQ.KZ.
Бұл туралы ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлімдеді.
Отырысты Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович жүргізеді.
Жиынға ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысады.
Отырысқа қатысушылар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді және оларды бейтараптандыру шараларын талқылайды.
Кездесу барысында ҰҚШҰ-ның "Наемник" аймақтық лаңкестікке қарсы операциясын өткізуге, басқару органдары мен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын даярлау және т.б. құжаттарды қарау жоспарланып отыр, – деп қосты баспасөз хатшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда алты шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы