Минскіде ТМД елдерінің Тұрақты өкілдері кеңесінің отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының төрағалығымен Достастықтың жарғылық және басқа да органдары жанындағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің және ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі (ЭМЖ) комиссияның бірлескен отырысы өтті.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысты тең төрағалар ретінде Қазақстанның Беларусьтегі ағы елшісі, ТМД-ның жарғылық және басқа да органдары жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Бейсенбаев және ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасы Ерлан Жанаев жүргізді.

Басқосуға Достастық мемлекеттердің өкілдері, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев және оның орынбасарлары, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитеті құрылымдық бөлімшелерінің басшылары да қатысты.

Кеңес қатысушылары  бірқатар мәселелерді, оның ішіндеү.ж.  мамырда өтетін ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы күн тәртібінің жобасын қалыптастыруды талқылады.

Сонымен қатар тұрақты өкілдер мен  ЭМЖ комиссияның мүшелері ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына дайындық барысы туралы талдау жасады, ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің және Экономикалық кеңесінің отырыстары барысында делегациялар басшылары айтқан бастамаларды іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуын талқылады. Сондай-ақ, ТМД салалық ынтымақтастық органдарының 2021 жылғы қызметінің қорытындылары қарастырылды.

Отырыс барысында А. Бейсенбаев барлық қатысушыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында айтылған саяси реформалардың ауқымды бағдарламаларының негізгі аспектілері мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шаралары туралы жан-жақты таныстырды.

Ол қазіргі саяси реформалар бағдарламасы еліміздің саяси дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын білдіретінін хабарлады. Бұл реформалар басталған қайта құрулардың қисынды жалғасы болып табылатынын, дәйекті демократияландыруға ықпал ететінін және мемлекеттің орнықтылығы мен тиімді басқарылуын қамтамасыз етеді атап өтті .

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы