Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 9 наурызында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты ұсынды.
2021 жылдың 9 наурызында Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Испания, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді.
3 279 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 005 адам, анықтамасыз 274 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 126 жолаушы, анықтамамен – 1 862, анықтамасыз – 264;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 583 жолаушы, анықтамамен - 573; анықтамасыз - 10.
Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 286 жолаушы, анықтамамен келген;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 282 жолаушы анықтамамен келген;
Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы, екеуі анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ комитет 2021 жылдың 8 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметті жариялады.
Анықтамасыз келген 101 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - делінген хабарламада.