Министрліктің жұмысына ашынып кеткен депутат коронавируспен күресуге ерікті болуға дайын екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус індетімен күресу әрекетін сынға алып, керек болса өзі де ерікті ретінде көмектесуге дайын екендігін айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері барлық бюрократиялық құралдарымен көп жағдайда өздері тудырған проблемалардан өздері қашты. Бұған қомақты бюджет қаражатының да қатысы бар. Ешқандай да тегін емдеу мен қолдау көрсету жоқ. Барлығын азаматтардың өздері шешуі керек, - деп жазды Ирина Смирнова Facebook-тегі парақшасында.
Ол осы ретте "жекелеген клиникалар азаматтарды емдеуге қатыса алмайды?" деген сауал тастады.

Неліктен жазғы демалыста биология және химия пәндерінің мұғалімдерін клиникаларға жұмысқа шақырмасқа? Неліктен әртүрлі ғылыми институттардың, мәселен, ауылшаруашылық, химиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының зертханаларын да бұл іске неге қатыстырмасқа? Олар мамандар жетіспейтін зертханаларда талдау жүргізе алады. Тілек білдірушілер бар.  Мен өзім биология пәнінің мұғалімімін.  Бұл пайдалы болуы мүмкін. Қажетті деп тапса, көмектесуге дайынмын, - дейді депутат.
"Халық қалаулысы" медициналық институттардағы университеттік клиникаларды бұл іске жұмылдыру қажет деп отыр.

Бәлкім, медициналық институттардың өздерін пайдалануымыз керек шығар? Медициналық колледждердегі зертханалар бар. Денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы аурулармен күресу үшін мамандардың, ғалымдардың үлкен кеңесін шақырып, талқылауы керек. Бізде әлемдік деңгейдегі ғалымдар бар деп елестетіңіз.  Бірақ олармен әлі ешкім сөйлескен жоқ, кеңескен де жоқ.  Керісінше, осындай уақытта эпидемияға қарсы қызметтің кейбір құрылымдары реформалау мен жою жұмыстарын жалғастырып жатыр, - дейді Ирина Смирнова.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы