Министрлікке салмақты проблемаларды жеткізе білсек қана кеңес өз мақсатына жетеді – Бауыржан Амангелдіұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс аймақтық Ректорлар кеңесі құрылды.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аймақтық жоғары оқу орындары арасында консультативтік -кеңесші орган болып табылатын Кеңес құрылуы керектігін айтқан болатын. Осы орайда 18 мамыр күні Шәкәрім университетінде онлайн форматында Шығыс аймақтық Ректорлар кеңесі өтті.Жиынға Қазақстанның шығыс аймағындағы ЖОО-ның басшылары қатысып, Кеңестің құрылу мақсатын мақұлдады және бастамаға бір кісідей қолдау көрсетті. Бірінші кезекте Кеңестің дербес құрамы бекітілді.
Олар: «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректор Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы. «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректор Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлы. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Ректоры Құрманбаева Шырын Асылханқызы. «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы. «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректор Жунусов Ерсін Турсынханұлы. Қазақстан-Американдық еркін Университетінің Президенті Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы. Қазақстан инновациялық академиясының Ректоры Қадыров Берік Каипханұлы. «Торайғыров университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректор м.а. Ержанов Нұрлан Тельманұлы. «Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректор Жилбаев Жанбол Октябрович. Инновациялық еуразия университетінің Ректоры Никитин Евгений Борисович. Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының Ректоры Сиваракша Далида Маратовна.
Күн тәртібі бойынша өткен сайлауда Шығыс аймақтық Ректорлар кеңесінің төрағасы болып бірауыздан Шәкәрім университетінің басқарма төрағасы - ректор Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков тағайындалды.
Сондай-ақ, Шығыс аймақтық ЖОО-ның Ректорлар Кеңесі туралы ереже қабылданды. Бұл ереже Кеңестің құқықтық мәртебесін және оған жүктелген функцияларды іске асыру тәртібін айқындайды.
Кеңес өңірлік жоғары оқу орындарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту мәселелері бойынша қызметін үйлестіру, оқу үрдісін, ғылыми жұмысты ұйымдастыру, ғылыми -педагогикалық кадрлардың және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оң тәжірибені жинақтау және тарату, жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, өңір мен елдің білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ЖОО ұжымдарын мүшелерін әлеуметтік қолдау мен қорғау мақсатында құрылды.
Аталмыш кеңестің басты міндеті студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, тыңдаушылардың, оқытушылардың және ЖОО-ның басқа қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша іс-шаралар мен ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Қазақстан-Американдық еркін Университетінің Президенті Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы келешекте мұндай кездесуді жоспарлы түрде және тұрақты негізде өткізу керектігін атап өтті.
Әр адамның өз жаңашылдығы мен өзіндік ұйымдастырушылық қабілеті болады ғой. Сондықтан аталмыш Кеңес төрағалығын бір адам ғана үздіксіз басқармай, төрағалық бір жылда немесе екі жылда бір сайланып отырса. Екіншіден, Ректорлар кеңесінде қозғалған бүгінгі мәселелер республикалық Ректорлар кеңесінде де талқыланып, министрлікке де салмақты проблемаларды жеткізе білсек қана Кеңес өз мақсатына жетеді деп ойлаймын, – деп қорытындылады Бауыржан Амангелдіұлы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шөкеев Тоқаевқа есеп берді
Өзгелердің жаңалығы