Министрлік журналистерді қолдау қорын құра алмайды – Омаров

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Алматыда журналистермен кездесу барысында өмірден өткен журналистерді қолдау қорын неліктен құра алмайтындарын түсіндірді.

Оның айтуынша, министрлік ондай қорды құра алмайды, барлық журналист жиналып аша алады және әрқайсысы жекелей қаражат аударып отыруына болады.

Маған журналистерді қолдауға арналған қор керек деп айтып жатады. Бұл тағы да БАҚ-ты реттеуге келіп тіреледі, сондықтан министрлік ондай қорды аша алмайды. Оны барлығымыз бірігіп құра аламыз және әрқайсымыз үлес қосуымызға болады. Мен де жеке тұлға ретінде оған қаражат аудара аламын. Егер қандайда бір журналист қиындыққа тап болса жағдайын қарап, сол арқылы көмектесуге болады, - деді министр Асқар Омаров.

Жиын барысында сондай-ақ БАҚ жөніндегі заңды қайта қарау барысы талқыланды. Негізінен журналистердің мәртебесі, БАҚ-тың өзін-өзі реттеуі, мемлекеттік тапсырыс тақырыптары сөз болды. Оның жұмыс тобына 63 БАҚ өкілі енген, өз ұсынысы мен ойын айтамын дейтіндерге де шектеу жоқ. Министр заңды талқылау жұмысы ашық өтетінінін жеткізді.

Бұған дейін министр журналистерді әлеуметтік бағдарламаға неге енгізе алмайтындарын түсіндірген. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы