Министрлік жасұландықтарды белбеумен ұрған офицердің видеосына қатысты түсініктеме берді

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме беріп, ресми хабарлама жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігімен әскери киім киген адамдар тобы арасындағы жарғыдан тыс қатынастар фактісі көрсетілген бейнематериал зерделенді. Бұл видеодағы іс-әрекеттер Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орындарына жатпайтынын хабарлаймыз. Қорғаныс ведомствосы 2015 жылы Білім және ғылым министрлігінен Қорғаныс министрлігіне берілген Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы үш республикалық "Жас ұлан" мектебіне жетекшілік етеді, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, әлеуметтік желілерде жасұландық тәрбиеленушілер мен офицердің жанжалдасып жатқан видеосы тарады. Аталған бейнежазбаға қатысты Абай облысы Білім басқармасы ресми мәлімдеме таратып, аталған фактілер 2022 жылдың қазан айында болғанын растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов архив
Өзгелердің жаңалығы