Министрлік "жаңбыр адам" Алтай Айнабекке субсидия бере ме?
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Алтай Айнабектің технологиясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілі вице-министрге "әлеуметтік желіде Алтай Айнабек деген азамат жаңа технологияның көмегімен жаңбыр жауғызып жүргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге, шабындық жерлерді ылғалдандыруға көмектеседі. Егер жоба сәтті іске асып, ол министрліктен субсидия сұраса бересіздер ме?" деп сұрақ қойды.
Біз бұл жағдайды бірнеше рет зерттедік. Тіпті шетелден арнайы мамандар да келген. Бірақ бұл технологияның екінші жағы да бар. Мәселен экология. Бір жерге жаңбыр көп жауса, келесі бір жерге жаумауы мүмкін. Бұл - зиян. Сондықтан бұл зерттеуді қажет етеді, - деді Азат Сұлтанов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, бұған дейін BAQ.KZ тілшісі Алтай Айнабектің өзіне хабарласып, жаңбыр жауғызатын технология туралы сұраған еді.