Министрлік Жамбылдағы сарбаз өлімі туралы: Іс жеке бақылауда

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков Жамбыл облысындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, іс бойынша арнайы комиссия құрылған.

Қорғаныс министрлігі Қарулы күштер атынан марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, Ішкі істер министрлігіне бағынышты жедел тергеу органдары қазір тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Қорғаныс министрінің үкімімен комиссия құрылып, комиссияны вице-министр Шайх-Хасан Жазықбаев басқарады. Істің мән-жайы терең тексерілуде, - деп жауап берді Асқар Мұстабеков Сенаттың кулуарында өткен баспасөз брифингінде.

Істі тергеу жұмыстары Бас прокурор мен Қорғаныс министрінің жеке бақылауында тұрғаны белгілі болды.

Еске салайық, 27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ауыр жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды.

Еске салсақ, ҚР Қорғаныс министрлігі жыл басынан бері әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты шұғыл шаралар қабылданғанын мәлімдеді. Бірнеше сарбаз қаза болғаннан кейін командирлер қызметінен босатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы