Министрлік Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал велошабандоз Александр Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жариялады.
Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал шабандоз Александр Винокуровтың арасындағы жайдан бейхабар. Еліміздегі спорт саласына жауапты мекеме болғанына қарамастан министрлікке бұл ауыс-түйіс жайлы хабарланбады. Мәдениет және спорт министрлігін бұл жайт қатты алаңдатады. Қазір «Астана» Президенттік спорт клубы мен оның қатарындағы барлық құрылымды Мәдениет және спорт министрлігіне беру процесі жүріп жатыр, - делінген хабарламада.
Жақын арада барлық процесс аяқталған соң Astana-Premier Tech велокомандасында болған жайтқа қатысты құқықтық баға беріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы