Министрлік ұстаздарға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау процесі автоматтандырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде "Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын кезең-кезеңімен енгізу басталды.

Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта платформада "педагог-модератор" және "педагог-эксперт" біліктілік санаттарын алу немесе растау үшін үміткер педагогтерді аттестаттаудың бірінші кезеңі өтуде.

2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу ағарту министрлігі
Өзгелердің жаңалығы