Министрлік цифрлық құжаттардағы қателіктерге қатысты мәлімдеме жасады

Цифрлық даму министрлігі қазір мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйесі, оның ішінде «Электрондық үкімет» және оның құрамдас бөліктері қалыпты жұмыс істеп жатқанын хабарлайды, деп жазады BAQ.KZ.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу бойынша жұмыс жүргізілді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ шеңберінде орналасқан 64 ақпараттық жүйе (eGov.kz порталы, egov mobile мобильді қосымшасы, e-license порталы, «Е-Нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі, «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі, «e-Otinish» электронды үндеу қызметі» және т.б.) орналасқан 11 мыңнан астам виртуалды серверлерде жаңартулар жүргізілді.

Мемлекеттік органдар өз құзыретіндегі ақпараттық жүйелер бойынша осындай жұмыстарды жүргізеді.

Қазір жүйелер қалыпты жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік қызметтерді eGov.kz арқылы алу да әдеттегідей қолжетімді. «Цифрлық құжаттар» сервисінде деректерді дұрыс көрсетпеу жағдайлары анықталды. Қазір «ҰАТ» АҚ ұжымы қажетті жұмыстарды атқаруда және сол деректер жақын арада қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Сонымен қатар, барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары да қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты жалғыз Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүйелерінде қысқа мерзімді ақаулар болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы