Министрлік: Тараздағы жарылыс бақылауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жарылысқа қатысты түсініктеме берді.
Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймада тұтанған өртті жою жұмыстары жалғасуда. Өрттің бір бөлігі оқшауланды. Оқиға орнына Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін кешкі сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарлыс болғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.
Жарлыс салдарынан зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы