Министрлік су тасқынының алдын алуға дайын ба?
Халықты шұғыл эвакуациялау үшін "Қазавиақұтқару" әуе кемелері тұрақты дайындықта болады. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Су тасқыны жағдайына жедел ден қою мақсатында 39 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу құралдары және 3 мыңнан астам мотопомпалары бар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштер мен құралдардың арнайы топтары құрылды, – дейді министр.
Шәріпханов зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау үшін “Қазавиақұтқару” әуе кемелері тұрақты дайындықта болатынын атап өтті.
Құтқару операцияларына қатысуға Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері де дайын. Азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының іс-қимылдарын тәжірибелік пысықтау Ақтөбе қаласында басқарма штабымен «Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында жүзеге асырылады, – дейді министр.
Ол халықтың әлеуметтік осал топтарының (қарттар, мүгедектер) аула аумақтарын қардан тазартуға баса назар аударылатынын айтады.
Азаматтардың «Қауіпсіздік мәдениетін» арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Осы жылдың 5 ақпаны мен 5 наурызына дейін «Қазгидромет» алдын ала және нақты болжамдар ұсынылатын болады, оларды ескере отырып, уақтылы тасымалдау үшін күштер мен құралдар топтамасы түзетіліп және қажет болған жағдайда резервтік топтар енгізілетін болады, – дейді Сырым Шәріпханов.