Министрлік ешқандай мәдени-спорттық іс-шараға тыйым салған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ешқандай мәдени-спорттық іс-шараның өтуіне тыйым салған жоқ. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін БАҚ-та жарияланған "Мәдениет және спорт министрлігі елімізде барлық мәдени-спорттық іс-шараның өтуіне тыйым салды", деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Аталған комиссия коронавирус індетінің өршуіне байланысты спортшыларымызды халықаралық бәсекелерге қатыстырмау туралы ұсыныс айтқан. Алайда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ел аумағында бұқаралық сипаттағы іс-шараларға тыйым салған жоқ - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық оқушы ерлігі үшін марапатталды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы