Министрлік рюкзактар сатып алу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде Қазақстанда фельдшерлік рюкзактар сатып алуға бюджеттен 48 млрд теңге жұмсау жоспарланып отырғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Stopfake.kz-тің мәліметінше Денсаулық сақтау министрлігі оны теріске шығарды.
Денсаулық сақтау министрлігі осы мобильдік диагностикалық жабдықты сатып алуға қатысты бүгінгі күні оны бюджет қаражатының есебінен сатып алу қарастырылмайтынын хабарлайды. Сондықтан оны Денсаулық сақтау министрлігі сатып алғаны туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған болып табылады, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада биыл 100 мың түп тал егілді
Өзгелердің жаңалығы