Министрлік пен АрселорМиттал Теміртау бірлескен мәлімдеме жасады
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сізге ArcelorMittal Temirtau (AMT) компаниясының Костенко көмір шахтасында сенбі күні, 2023 жылғы 28 қазанның таңында болған апатта 46 ержүрек кеншінің қаза тапқанын зор өкінішпен хабарлаймыз. Қаза тапқан кеншілердің отбасыларын қолдау үшін барлық күш-жігер жұмсалуда және оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, сіздер Үкімет пен ArcelorMittal компаниясының ArcelorMittal Temirtau меншігін Үкіметке беру жөніндегі хабарламалары туралы хабардар болуыңыз мүмкін. Бұл келіссөздер бірнеше ай бойы жүргізілді және АМТ-ның, сондай-ақ оның еншілес кәсіпорындарының болат және тау-кен операциялары қызметінің болашағына қатысты жақында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ArcelorMittal алдын ала келісімге келді, - делінген хабарламада.
ArcelorMittal Temirtau ішкі және аймақтық нарықтағы ең маңызды болат жеткізушілердің бірі. Осы жылдар ішінде компания барлық таңдалған нарықтарда өзін болат тұтынушылары үшін стратегиялық серіктес ретінде көрсете білді. Сондықтан АМТ қызметінің тиімді әрі жоспарлы түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және барлық мүдделі тараптарға қолайсыздықтар туғызбау үшін барлық күш-жігер жұмсалады.
Біз барлық мүдделі тараптарды, әсіресе AMT клиенттерін, мердігерлерін, жеткізушілеріне:
- ArcelorMittal Temirtau-мен (AMT) байланысты (оның ішінде Теміртау металлургиялық зауыты, көмір бөлімшесі, Өркен, еншілес кәсіпорындары, оның ішінде Ақтау құбыр зауыты және ТМД елдеріндегі өкілдіктері) барлық құқықтар мен міндеттемелері сақталады.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі және АМТ, компанияның барлық құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде тапсырыс берушілермен жеткізу келісім-шарттары, тауарлар мен қызметтерді қабылдау, оның ішінде жеткізушілерден мердігерлік қызметтерді қабылдау, қызметкерлер алдындағы міндеттемелердің сақталуы және т.б. бөлігінде бизнестің толық жалғасуын қамтамасыз етеді.
- Тапсырысты брондау, келісім-шарт жасау, жөнелту, шот-фактура жасау және жеткізушілермен келісім-шарт жасауды қоса алғанда, AMT бизнес-процестері әдеттегідей тәртіпте жұмыс істейді, деп сеніммен айта аламыз.
AMT өз клиенттері үшін сенімді серіктес болып табылады және де болашақта соған тырысады. Қолдауларыңыз үшін рахмет, - делінген хабарламада.