Министрлік машина-трактор паркінің тозуына қатысты не істеді?

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет отырысында Президент 1 қыркүйектегі Жолдауында айтқан машина-трактор паркінің тозуына қатысты министрлік қандай шараларды қабылдап жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол былтыр Қазақстан Республикасының Фермерлер одағы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингін қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесін көтеріп, 40 миллиард теңге бөлінгенін еске салды. Оған 1053 техника сатып алынып, 872 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші осы техникаларға ие болғанын айтты. Ал биыл қосымша 20 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады.

Фермерлер одағының айтуы бойынша, былтыр 4 мыңға жуық өтінім қарастырылмай қалды. Осыған байланысты биыл 20 миллиард теңге қайтадан сұралып, 19 қыркүйекте қосымша ақша бөлінгені туралы Үкіметтің қаулысы шықты. Ол да 6 пайызбен берілетін болады. Жалпы 500-ден аса техника алынады деп жоспарлап отырмыз, - деді вице-министр. 

Ол «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде де айтты. 

Министрлік «ҚазАгро» АҚ-мен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникасын, жем-шөп дайындау техникасын, суарудың ұтқыр жүйелерін сатып алу үшін биылдан бастап жылдық 6 пайыздық қаржыландырудың жеңілдікті мөлшерлемесі бойынша  жұмыс жасайды. 20 миллиард теңге «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасымен 15 пайыздық аванстық төлеммен лизинг мерзімі бойынша 10 жылға дейінгі уақытқа беріледі, - деді ол. 

Вице-министр сондай-ақ 2,8 мыңға жуық жем-шөп дайындау техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі техникамен суару жүйелерін сатып алуды қаржыландыру жоспарланып жатқанын айтты. 

Ел бюджетінен 2024-2025 жылдарға «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша 30 миллиардтан бөлінетінін атады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы